Шавкат Рахмонов Асу Алмабаевты қолдау үшін Абу-Дабиге барды

26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC Fight Night турнирінде Асу Алмабаев октагонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жолы оған Қазақстанның ең танымал ММА жұлдыздарының бірі – Шавкат Рахмонов қолдау көрсетпек.
Бастапқыда Алмабаевтың қарсыласы өзбекстандық Рамазан Темиров болуы тиіс еді. Алайда ол допингке қатысты мәселе туындауына байланысты жарыстан шеттетілді. Енді Асудың қарсыласы – перулік Хосе Очоа.
Қазіргі уақытта «Зульфикар» салмақ өлшеу рәсіміне дайындалып жатыр. Оған қолдау көрсету үшін Абу-Дабиге Азат Максум мен Бекзат Алмахан келді. Жақын күндері оларға Шавкат Рахмонов пен оның бапкері Фаниль Рафиков қосылады.
Асу Алмабаев пен Хосе Очоа арасындағы жекпе-жек кештің басты кардын ашпақ. Бұл – отандасымыздың UFC-дегі мансабында маңызды белестердің бірі болмақ.