«Барыс» бірқатар хоккейшімен сынамалық келісімшарт жасасты

«Барыс» бірқатар хоккейшімен сынамалық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл келісімдер бірінші қыркүйекке дейін есептелген.
Сынамалық келісімшартқа жасасқан ойыншылар қатарында қақпашы Дмитрий Ряшин, қорғаушылар Дамир Бритиков, Алдияр Қалелхан, Никита Ломако, Никита Сидоренко, Игнат Шевченко, Амирхан Шегебаев, шабуылшылар Алишер Аманғалиев, Амир Ғафуров, Роман Двуреченский, Алдияр Қабдуали, Рахымбек Мейірман, Владимир Чепышкин, Амир Алпқарин, Алихан Бақыт, Данил Дронов, Александр Симахин, Тамерлан Тлеубаев, Леонид Шакенов, Әдият Масен, Егор Кравченко, Жахангер Тлеухан және Святослав Харченко бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или