Қазақстандық шабуылшы Канаданың жастар лигасына ауысты

19 жастағы «Снежные Барсы» шабуылшысы Канаданың BCHL лигасында ойнайтын «Spruce Grove Saints» клубымен келісімшартқа отырды.
Өткен маусымда ол Жастар хоккей лигасында 24 ойын өткізіп, 5 шайба мен 9 нәтижелі пас арқылы 14 ұпай жинаған болатын.
Айта кетейік, осыған дейін аталған канадалық клубқа тағы бір қазақстандық хоккейші — қорғаушы Карим Қажыбеков қосылған еді.
BCHL — Британдық Колумбия мен Альберта провинцияларынан құралған 21 команданы біріктіретін тәуелсіз жасөспірімдер лигасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или