Әліби Ыдырыс - Ройберт Эчеверриа жекпе-жегіне бейнешолу

Әліби Ыдырыс - Ройберт Эчеверриа жекпе-жегіне бейнешолу

Қазақстандық ММА спортшысы Алиби Идрис UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter 33 реалити-жобасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы жартылай финалда Алиби венесуэлалық Ройберт Эчеверриямен кездесіп, бірінші раундта тізе соққысымен нокаут жасап, айқын жеңіске жетті. Финалда ол Иманол Родригес бен Джозеф Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

Турнирдің ширек финалында Идрис өзбекстандық Фурқатбек Йоқубовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Жоба барысында Алиби Даниэль Кормьенің командасында өнер көрсетуде. Финалдағы жеңіс UFC-пен эксклюзивті келісімшартқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или