ҚПЛ-да доп тепкен футболшы мансабының соңына дейін бетпердемен ойнайды

ҚПЛ-да доп тепкен футболшы мансабының соңына дейін бетпердемен ойнайды


Көкшетаулық «Оқжетпестің» бұрынғы қорғаушысы Алексей Татаев ауыр жарақатына байланысты карьерасының соңына дейін арнайы бетпердемен ойнауға мәжбүр екенін айтты.

2025 жылдың сәуірінде Ресей Премьер-лигасындағы ЦСКА-ға қарсы ойында «Оренбург» сапында өнер көрсеткен Татаев бет сүйегін үш жерден сындырып алған болатын.

«Дәрігерлер маскасыз ойнауға болмайтынын ескертті. Кез келген соққы қауіпті. Жаттығу мен ойынның бәріне бетпердемен шығамын. Ол көруді сәл шектейді, бірақ үйреніп кеттім. Тек ойыннан кейін шешемін. Болашақта өзгерістер болып жатса, маскасыз ойнау мүмкіндігі туар», – деді футболшы.

Еске салайық, 2023 жылы Татаев «Оқжетпес» сапында 27 матч өткізіп, екі гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или