Әліби Ыдырыс жарқын жеңістен кейін Дана Уайтқа үн қатты

Әліби Ыдырыс жарқын жеңістен кейін Дана Уайтқа үн қатты


UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter жобасының жартылай финалында жеңіске жеткеннен кейін қазақстандық спортшы Әліби Ыдырыс Дана Уайтқа тікелей үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Ыдырыс венесуэлалық Ройберт Эчеверрияны бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді. Алдымен секіріп тізе соққысын дарытты, артынша партерде соққыны үдетіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жеңістен соң Әліби октагон торына барып, UFC президентіне қарап: «Дана, менің атымды есте сақта! Маған бонус бер, бауырым! Мен — Әліби Ыдырыс. 12 жекпе-жек, 12 жеңіс. Мен — жеңіл салмақтың жаңа жұлдызымын. Қазақстан, алға!» – деп мәлімдеді.

Дана Уайт қазақстандық спортшының бұл сөзін жылы қабылдап, оның өнерін күлкімен және қошеметпен бағалады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или