Әліби Ыдырыс The Ultimate Fighter финалына шықты

Қазақстандық ММА спортшысы Әліби Ыдырыс UFC ұйымдастырған The Ultimate Fighter 33 реалити-жобасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы жартылай финалда Әліби Ыдырыс венесуэлалық Ройберт Эчеверриямен кездесіп, бірінші раундта тізе соққысымен нокаут жасап, айқын жеңіске жетті. Финалда ол Иманол Родригес бен Джозеф Моралес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
Турнирдің ширек финалында Идрис өзбекстандық Фурқатбек Йоқубовты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Жоба барысында Әліби Ыдырыс Даниэль Кормьенің командасында өнер көрсетуде. Финалдағы жеңіс UFC-пен эксклюзивті келісімшартқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или