UFC 320 турнирінде үш ірі жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды

UFC 320 турнирінде үш ірі жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды


UFC ұйымының баспасөз қызметі 4 қазан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 320 турнирінің басты үш жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты айқасында жартылай ауыр салмақтағы (93 келіге дейін) чемпион Магомед Анкалаев атағын қорғау үшін бразилиялық Алекс Перейрамен қолғап түйістіреді. Перейра бұған дейін екі салмақ дәрежесінде де жарқыраған болатын.

Екінші маңызды жекпе-жекте жеңіл салмақтағы чемпион, грузиялық Мераб Двалишвили америкалық Кори Сэндхагенге қарсы шығады. Бұл — титул сарапқа салынатын кездесу.

Ал үшінші жекпе-жекте бұрынғы чемпион, чехиялық Иржи Прохазка мен АҚШ өкілі Халил Раунтри кездеседі. Сарапшылардың пікірінше, бұл жұптың жеңімпазы алдағы уақытта чемпиондық белбеуге таласа алатын негізгі үміткерлердің бірі болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или