Семсерлесуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден әлем чемпионаты басталды.
Жарыстың бірінші күнінде семсер және рапирамен айқасудан бәсекелер өтті.
Рапирамен айқасудан Қазақстан ерлер құрамасының сапында Ғалым Нұрымов, Тамирлан Қалиев, Тимофей Семенов және Никита Пономарев өнер көрсетті. Никита Пономаревтан басқасы топтық кезеңнен өтті. Алайда келесі айналымда қарсыластарына есе жіберді.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Тимофей Семенов 74-орын, Тамирлан Қалиев 93-орын және Ғалым Нұрымов 96-орынды иеленді.
Сонымен қатар семсер қаруымен айқасудан әйелдер арасындағы сайыстар өтті. Нәтижесінде София Николайчук 102-орын, Каролина Фомина 115-орын, Владислава Андреева 157-орын және Виктория Кайдарова 156-орынға тұрақтады.
Дереккөз: olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или