Универсиада-2025: Таэквондошы Самирхон Абабакиров топ жарды

Универсиада-2025: Таэквондошы Самирхон Абабакиров топ жарды

Қазақстандық таэквондошы Самирхон Абабакиров Германиядағы Универсиада ойындарында елге алғашқы алтын медальды сыйлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

63 келіге дейінгі салмақта финалда Абабакиров түрік Омер Фарук Даоғлумен кездесіп, қарсыласын екі раундта 2:0 есебімен жеңді (12:11, 11:3). Осылайша қазақстандық алтынды жеңіп алса, оның қарсыласы турнирді күміс жүлдегер ретінде аяқтады.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның таэквондодан 2025 жылғы Универсиададағы алтыншы медалі: бұған дейін Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или