АҚШ-та Месси бір матчқа жазалануы мүмкін

АҚШ-та Месси бір матчқа жазалануы мүмкін

«Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси лиганың жұлдыздар матчына қатысудан бас тартқаны үшін MLS-тің бір ойынына шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN хабарлауынша, 38 жастағы футболшы ойын алдында жаттығуға келмеген.

Сәрсенбіде, 23 шілдеде, MLS жұлдызды командасы Мексика чемпионатының жұлдызды командасымен кездеседі.

Биылғы маусымда Месси барлық турнирлерде 29 матчқа қатысып, 24 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Футболшының клубпен ағымдағы еңбек келісімі 2025 жылдың соңына дейін есептелген. Transfermarkt порталында ұсынылған ақпаратқа сәйкес, футболшының нарықтағы құны 18 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или