Астана Азия Олимпиадалық кеңесінің Спортшылар форумы өтетін маңызды шараға дайындалуда

Астана Азия Олимпиадалық кеңесінің Спортшылар форумы өтетін маңызды шараға дайындалуда

Бүгін Астанаға Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) делегациясы алдағы Спортшылар форумына дайындықты талқылау мақсатында жұмыс сапарымен келді. Ауқымды шара 2025 жылдың 2-3 қыркүйегі аралығында елордада өтеді.

Сапар аясында АОК өкілдері - Ұлттық Олимпиадалық комитеттермен байланыс және даму жөніндегі директор Виссам Тркмани мен медиа және хабар тарату директоры Дзян Джоу Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар форумды ұйымдастырудың негізгі мәселелерін талқылап, іс-шара өтетін алаңдарды аралап көрді.

Форум Азияның 45 елінің ҰОК жанындағы Спортшылар комиссияларының өкілдерін, сондай-ақ Олимпиада, Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін, әлем және құрлық чемпионаттарының жеңімпаздарын біріктіреді.

Спикерлер қатарында Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің сарапшылары болады деп күтілуде. Сонымен қатар кездесу барысында 2026 жылы Жапонияның Аити және Нагоя қалаларында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық мәселелері де қозғалды.

АОК Спортшылар форумы халықаралық спорт аренасындағы маңызды оқиға болмақ және Астананың Азиядағы спорттық дипломатия орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте айқындай түседі.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или