ЧЛ: КуПС — «Қайрат» матчының бірінші таймында гол соғылмады

Куопио қаласында (Финляндия) Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында КуПС өз алаңында «Қайратты» қабылдап жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші таймнан кейін матчтағы есеп әлі 0:0. Алматылық ұжым бұл ойынға келесі құраммен шықты: Заруцкий, Мата, Сорокин, Мартынович, Мрынский, Қасабулат, Глейзер, Тапалов, Жоржиньо, Эдмилсон, Громыко.
«Қайрат» – КуПС жұбының жеңімпазы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші кезеңінде «Слован» (Словакия) – Зриньски (Босния және Герцеговина) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или