«Снежные Барсы» командасының хоккейшісі Канадаға аттанды

«Снежные Барсы» командасының хоккейшісі Канадаға аттанды

Қазақстандық шабуылшы Кәрім Қажыбеков мансабын Канадада жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19 жастағы шабуылшы Британдық Колумбия хоккей лигасының атынан шыққан «Спрус Гроув Сейнтс» клубымен келісімшартқа отырды.

Өткен маусымда Қажыбеков ЖХЛ-да «Снежные Барсы» сапында өнер көрсетіп, 43 кездесу өткізіп, 21 (11+10) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или