Алматыда BMX-фристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда BMX-фристайлдан Қазақстан чемпионаты өтеді

9-10 тамыз аралығында Алматы қаласында BMX-фристайлдан Қазақстан тарихындағы алғашқы ел чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарыстар қазіргі таңда Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан және олимпиадалық бағдарламаға енгізілген BMX Freestyle дисциплинасы бойынша ұйымдастырылады.

Турнирде елдің түрлі аймағынан келген қазіргі көшбасшылармен қатар болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар да бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстан біріншілігінің қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар 2025 жылы Жапонияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или