Қазақстан кубогының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

Қазақстан кубогының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті

2025/26 жылғы Қазақстан кубогының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, топтық кезең ойындары 25–30 тамыз аралығында Орал мен Талдықорған қалаларында өтеді.

Қатысушылар тізімі келесідей: 2024/25 жылғы Қазақстан чемпионатының барлық 11 клубы, сондай-ақ Бірінші лиганың жеңімпазы және алдағы элиталық дивизионның дебютанты —«Биосфера», жаңа «Қарағанды» атауымен өнер көрсететін болады. Сонымен бірге жарысқа тағы төрт Бірінші лига өкілі — ELIM-AI, «Омега», «Алатау» және Хромтаулық МФК «Искандер» командасы қатысады.

Ал өткен кубокта өнер көрсеткен үш әуесқой команда — «Жаңаөзен», «Атриум» және BS Stroy биылғы жарыста бақ сынамайды.

Жеребе нәтижесінде 16 команда төрт топқа бөлінді:

A және D топтарының ойындары Оралда,

B және C топтары Талдықорғанда өнер көрсетеді.

Топтық кезеңді сәтті еңсерген әр топтың қос үздігі ширек финалға өтеді. Ал бұл кезеңде жеңіске жеткендер «Төрттік финалда» чемпиондық үшін айқасатын болады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или