Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы World Challenge Cup турнирінде бақ сынайды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы 25-27 шілде аралығында Клуж-Напока (Румыния) қаласында өтетін World Challenge Cup турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл беделді жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) күнтізбесіне енген. Аталмыш турнирге 42 елден 200-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Ал Қазақстан атынан бұл додада сегіз спортшы сынға түседі.
Турнир аясында Айбота Ертайқызы және Айым Мейіржанова жекелей сайыста бақ сынайды. Ал топтық жаттығуларға қатысатын қазақстандықтардың тізімі төмендегідей:
- - Айда Хәкімжанова;
- - Айзере Кеңес;
- - Жасмин Жүнісбаева;
- - Кристина Чепульская;
- - Айзере Нұрмағамбетова;
- - Мадина Мырзабай.
Қазақстан құрамасы бұған дейін Сингапурда өткен Азия біріншілігінде ел намысын қорғаған еді. Сол жарыста отандастарымыз топтық жаттығуларда және жекелей сында тамаша өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медальға қол жеткізген еді.