Астана әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

Астана әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

14-15 тамыз күндері Астана қаласында алғаш рет әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тарихи турнир Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен ұйымдастырылады. Бұл ұйым – әлемдегі ең ірі көпсалалы спорт ұйымдарының бірі.

Чемпионатты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық армия спорт клубы мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесе өткізеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 40-қа жуық елден келген спортшылар қатыспақ. Бұл – қазақ күресінің халықаралық деңгейде танымалдығы артып келе жатқанын дәлелдейді. Чемпионат ұлттық спорт түрін әлемдік аренада дамыту мен насихаттауда маңызды қадам болмақ.

Бәсекелер елорданың Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или