Азат Мақсұмның келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық жауынгер Азат Мақсұмның келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық жауынгер 25 қазанда Абу-Дабиде өтетін UFC 321 турнирінде шаршы алаңға шығады.
Қарсыласы UFC-де екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңілген америкалық файтер Митч Рапосо болады.
Айта кетейік, Азат Мақсұм UFC-де үш жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңілген.
Абу-Дабидегі алдағы айқас екі спортшы үшін де шешуші болмақ. Максұм да, Рапосо да өздерінің UFC-дегі деңгейге лайық екенін дәлелдеуге тырысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или