«Барыс» хоккей командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

«Барыс» хоккей командасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Елордалық хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымы қарсаңында бас бапкердің қызметіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

Өткен маусымда тіркелген төмен спорттық көрсеткіштерге байланысты негізгі команданың жаттықтырушылар құрамында өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта «Барыс» командасының бас бапкерінің міндетін уақытша Евгений Королев атқаратын болады, - делінген клубтың ресми хабарламасында.

Осы ресми мәлімдемеге қарамастан, негізгі бас бапкер қызметінен ресми түрде босатылған жоқ.

Клуб Ғалым Мәмбеталиевпен өтемақы мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан болуы мүмкін. Бір апта бұрын ресейлік Sport24.ru басылымы оның үшжылдық келісімшарты барын және жұмыстан босату 194 миллион теңгеге дейін шығын келтіруі мүмкін екенін жазған болатын.

Барлық регламенттік рәсімдер аяқталғаннан кейін өзгерістерге қатысты толық ақпарат ұсынылатын болады, - деп мәлімдеді «Барыстың» баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или