Командалық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды

Командалық әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды

Билли Джин Кинг кубогына қатысатын теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің финалдық кезеңі Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.

Қазақстан құрамасы ширек финалда АҚШ құрамасымен ойнайды. Командалар арасындағы кездесу 18 қыркүйекте өтеді.

Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет Билли Джин Кинг кубогының соңғы кезеңінде өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамы:

Елена Рыбакина

Юлия Путинцева

Зарина Дияс

Анна Данилина

Жібек Құламбаева

Капитан: Юрий Щукин

АҚШ құрамы:

Джессика Пегула

Мэдисон Киз

Эмма Наварро

Хейли Баптист

Тейлор Таунсенд

Капитан: Линдси Дэвенпорт.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или