Қазақстандық қақпашы мансабын ресейлік клубта жалғастырады

Қазақстандық қақпашы мансабын ресейлік клубта жалғастырады

Қазақстандық қақпашы Александр Довгал Legalbet.kz сайтына жақын арада кәсіпқой мансабын қайда жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ешқандай жаңалық жоқ. Маусымды «Тюменьмен» бастап жатырмын», - деді футболшы.

Айта кетейік, көкшетаулық футболдың 24 жастағы түлегі Довгаль 2025 жылдың қаңтарында «Тюмень» клубымен келісімшартқа отырды. Ресей чемпионатының Бірінші лига турнирінде 13 матч өткізіп, 16 гол жіберіп алып, жақсы нәтиже көрсетті.

Transfermarkt қазір бұл футболшыны 250 мың еуроға бағалап отыр.

Бір қызығы, мамыр айында Александр «Тюменьмен» бірге өткен маусымның қорытындысы бойынша команда төмендеп кеткен Екінші лигаға баруы екіталай екенін айтқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или