Александр Шевченко Аустриядағы жарыста қарсыласын камбэкпен ұтты

Қазақстандық, әлемнің 110-ракеткасы Александр Шевченко Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 125-ракеткасы, колумбиялық Даниэль Элаи-Галанмен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда колумбиялық спортшы 6:2 есебімен басымдылық танытты.
Бұдан кейін ойын тізгінін қолына алған Шевченко камбэк жасай білді – 6:3, 6:4.
Екі сағат 15 минутқа созылған тартысты бәсекеде А.Шевченко 8 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Элай-Галан 4 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.
Александр Шевченконың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Кицбюэльде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.