«Барселона» келесі жылға дейін «Камп Ноуға» оралмауы мүмкін

«Барселона» келесі жылға дейін «Камп Ноуға» оралмауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін каталониялық клуб Гампер кубогы аясындағы «Комоға» қарсы матчты жаңартылып жатқан стадионда өткізбейтінін хабарлаған болатын. Бұл ойын «Эстади Йохан Кройфф» аренасында өтеді.
Клуб Барселона қалалық кеңесінен қажетті лицензияны алуда қиындықтарға тап болды. Сонымен қатар, «Камп Ноуға» арналған абонементтерді 10 тамыздан кейін ғана сату жоспарланған еді — бұл кезде жанкүйерлерге қанша абонемент ұсынылатыны мен олардың бағасы нақтылануы тиіс болатын.
As ақпараты бойынша, құрылысшылар қауымдастығы мен Барселона қалалық кеңесі клуб басшылығының болжамдарын шектен тыс деп бағалаған.
Құрылысшылар қауымдастығының президенті әрі «Барселонаның» экс-президенттігіне үміткер Хавьер Вилахоана тіпті «құрылыс пен рұқсат алу мәселелеріне байланысты «Камп Ноудың» ашылуы 2026 жылдың басында ғана мүмкін болады» деп мәлімдеген.
Өткен маусымда команда өз ойындарын «Олимпик Льюис Компанис» стадионында өткізген болатын.