Джамал Мусиала отадан кейін «Баварияның» жаттығуына келді

Джамал Мусиала отадан кейін «Баварияның» жаттығуына келді

«Бавария» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала аяғына жасалған сәтті отадан кейін «Зебенер Штрассе» жаттығу базасына балдақпен келді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі неміс клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, Мусиала АҚШ-та өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында «ПСЖ» қақпашысы Джанлуиджи Доннаруммамен қақтығыс кезінде аяғын сындырып алған болатын. Бұл ойында неміс ұжымы 0:2 есебімен жеңілген еді.

Өткен маусымда жартылай қорғаушы 44 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 8 нәтижелі пас берген. 22 жасында футболшы «Бавария» сапында барлық турнирде 206 ойын өткізіп үлгерді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или