Қазақстандық файтер UFC on ABC 9 турнирінің негізгі кардында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев 26 шілдеде Әбу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінің негізгі кардында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ufc.ru сайтына сілтеме жасап.
Кештің басты жекпе-жегінде аустралиялық Роберт Уиттакер нидерландтық Ренье де Риддермен кездеседі.
Негізгі кард:
Роберт Уиттакер (26-8) — Ренье де Риддер (20-2)
Пётр Ян (18-5) — Маркус Макги (10-1)
Брайс Митчелл (17-3) — Саид Нурмагомедов (18-4)
Шарабутдин Магомедов (15-1) — Марк-Андре Баррио (17-9)
Асу Алмабаев (21-3) — Хосе Очоа (8-1)
Бастапқы кард:
Никита Крылов (30-10) — Богдан Гуськов (17-3)
Табата Риччи (11-3) — Аманда Рибас (12-6)
Муслим Салихов (21-5) — Карлос Лил Миранда (22-6)
Ибо Аслан (14-2) — Билли Элекана (7-2)
Мартин Будай (15-2) — Маркус Алмейда (5-1)
Мохаммад Яхья (12-5) — Стивен Нгуен (9-2)
Дейви Грант (16-7) — Деймон Блэкшир (17-7-1)
Айта кетейік, бастапқыда Асу Алмабаев өзбекстандық Рамазан Темировпен жекпе-жек өткізуі тиіс болған, алайда қарсыласы допинг сынамасынан кейін туындаған мәселелерге байланысты турнирге қатыспайтын болды. Енді Асу Алмабаевтың қарсыласы перулық Хосе Очоа болады.