Серікжан Мужиков көкшетаулық клубқа ауысты

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы көкшетаулық «Оқжетпес» қатарын толықтырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде көкшетаулық клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
- Қазақ футболынының дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Серікжан Мужиковты ақ-көк түсті отбасыға қосылуымен құттықтай отыра, алдағы ойындарға сәттілік әрі жеңіс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық 36 жастағы ойыншы бұған дейін семейлік «Елімай» клубында доп тепкен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или