Қазақстан құрамасының қақпашысы Ресей клубына ауысты

Хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Сергей Кудрявцев Жоғары хоккей лигасындағы (ЖХЛ) «Южный Урал» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда 30 жастағы Өскемен хоккей мектебінің түлегі көкшетаулық «Арлан» сапында Қазақстан чемпионы атанды. Ел чемпионатының тұрақты кезеңінде ол 21 матч өткізіп, соққыларды тойтару пайызы – 93,1%-ды, сенімділік коэффициенті – 1.97-ні құрады.
Плей-офф кезеңіндегі 11 ойында қақпашы соққыларды тойтару бойынша 94,6% көрсеткішке ие болып, сенімділік коэффициенті – 1.29 болды. Данияда өткен әлем чемпионатында Кудрявцев АҚШ құрамасына қарсы бір матч өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или