Конференция лигасы: «Астана» мен «Ақтөбенің» ықтимал қарсыластары анықталды

Конференция лигасы: «Астана» мен «Ақтөбенің» ықтимал қарсыластары анықталды

Конференция лигасында өнер көрсететін қазақстандық екі клубтың да үшінші кезеңдегі ықтимал қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еурокубоктегі жорығын КЛ 2-ші іріктеу кезеңінен бастайтын «Астана» «Зимбруды» қапы қалдырса, үшінші раундта «Вардар» (Солт. Македония) – «Лозанна» (Швейцария) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ал «Ақтөбе» КЛ 2-ші раундында «Спартаны» жеңсе, одан кейінгі кезеңде «Арарат» (Армения) – «Университатя Клуж» (Румыния) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары бейсенбі күні өтеді. Ал қарымта матчтар 31 шілдеде өтеді. Қос клубымыз да алғашқы матчты өз алаңында өткізеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или