Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» 3-кезеңдегі ықтимал қарсыласы анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» 3-кезеңдегі ықтимал қарсыласы анықталды

Швейцарияның Ньон қаласында өткен Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі бойынша, «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы белгілі болды, деп  хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі Ньон қаласында өтті. Бұл лигада Қазақстан атынан өнер көрсетіп жатқан «Қайрат» клубының ықтимал қарсыласы анықталды.

Егер алматылықтар екінші раундтағы қарсыласы — Финляндияның КуПС командасынан өте алса, онда үшінші кезеңде Словакиялық «Слован» мен Босния және Герцеговинаның «Зриньски» клубының жеңімпазымен жолығады.

Аталған кезеңнің алғашқы матчтары 5 немесе 6 тамызда, ал қарымта кездесулер 12 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или