Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден үздік ондықтың қатарынан көрінді
Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 шілдеде Виктор Друзин әртістік жүзуден еркін жаттығуда өнер көрсетті.
Отандасымыз финалдық сында 197.9225 ұпай жинап, 8-орынға табан тіреді.
Алтын медальді ресейлік Александр Мальцев жеңіп алды - 229.5613. Муе Го (Қытай) 220.1926 ұпаймен екінші орынға жайғасса, Италия өкілі Фелиппо Пелати 213.9850 ұпаймен қола жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или