Лионель Месси тағы да үздік атанды

«Интер Майами» клубының капитаны Лионель Месси АҚШ чемпионаты – МЛС аясында өткен турдың тағы да турдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл – оның 2024 жылғы маусымдағы осындай бесінші марапаты. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.
19 шілде күні «Нью-Йорк Ред Буллз» командасына қарсы өткен матчта (5:1) 38 жастағы аргентиналық шабуылшы екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бұл – Мессидің соңғы жеті ойындағы алтыншы дублі.
Ол қазіргі таңда 18 матчта 18 голмен МЛС бомбардирлер жарысында көш бастап тұр. 2023 жылы «Интер Майамиге» ауысқалы бері Лионель Месси барлық турнирлерде 68 матч өткізіп, 58 гол соғып, 26 ассист берді.
Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, Мессидің трансферлік құны – 18 млн еуро.