Волейбол. Азия чемпионатында Қазақстан 12-ші орын алды

Волейбол. Азия чемпионатында Қазақстан 12-ші орын алды

Тайландта 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы құрлық біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің басында Гонконгты 3:0 (25:16, 25:17, 25:22) есебімен жеңген жерлестеріміз, Индонезиядан келген құрдастарынан 1:3 (14:25, 15:25, 25:18, 11:25), Ираннан 0:3 (11:12, 11:25) есебімен жеңіліп қалды.

Топта 3-орынға ие болған Қазақстан құрамасы медальға үміткерлер қатарынан шығып, 9-12-орындар үшін турнирді жалғастырды.

Сауд Арабия командасын 3:1 (25:23, 25:14, 23:25, 25:17) ұтқан Алексей Теренин шәкірттері Қытай Тайбэйіне 0:3 (16:25, 22:25, 15:25), Моңғолияға 2:3 (27:25, 25, 25, 25:25) есебімен есе жіберді. 16 команданың ішінен 12-орынға табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или