Теннис. WTA рейтингі: Қазақстандық теннисшілердің орындары қандай?

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші орында белорус Арина Соболенко, екінші орында америкалық Кори Гауфф, үшінші орында поляк теннисшісі Ига Швёнтек тұр.
Қазақстанның ең мықты өкілі Елена Рыбакина 13-орыннан 12-орынға көтерілді. Тағы бір қазақстандық спортшы Юлия Путинцева әзірге 43-ші орында.
Жұптық сайыста Катерина Синякова (Чехия) көш бастап тұр.
Қазақстандық «жұптардың» үздігі Анна Данилина өзінің оныншы орнын сақтап қалды, Путинцева 57-ші, Жібек Құламбаева 128-ші (-6) болып қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или