Бублик әлемдік рейтингте көтерілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орында италиялық Янник Синнер, одан кейін испаниялық Карлос Алькарас пен неміс Александр Зверев.
Қазақстанның №1 теннисшісі, Гштадтағы (Швейцария) турнирінде жеңіске жеткен Александр Бублик төрт позиция жоғарылап, 30-шы орынға көтерілді. Еске салайық, ATP 250 санатындағы сазды турнирдің финалында Бублик аргентиналық теннисші Хуан Мануэль Серундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңген болатын.
Тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко 110-шы орына түсті. Михаил Кукушкин 197-ші орында қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или