Универсиада - 2025: Батырхан Төлеуғали қола жүлдегер атанды

Германияда өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы турнирде Қазақстанның туын ұстаған таэквондошы Батырхан Төлеуғали 80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Төлеуғали Оңтүстік Корея өкілі Сео Гун Вумен кездесіп, раундта 0-2 есебімен жеңіліп қалды (17:27, 13:15). Осылайша, Батырхан турнирдің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан үшін бұл қазірдің өзінде 2025 жылғы Универсиададағы бесінші қола жүлде және төрт жүлдені таэквондошылар жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или