«Поле Имре мен Варга Яноштың мемориалы»: Омбылық қазақ топ жарды

Будапештте «Поле Имре мен Варга Яноштың мемориалы» аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
82 келіге дейінгі салмақта ресейлік Әділет Тюлюбаевқа тең келер ешкім болмады.
Омбылық қазақ оңтүстіккореялық балуанды (9:0), өзбекстандық Жалғасбай Бердімұратовты (2:1), жерлесі Рафаэль Юнусовты (5:1) ұтып, ақтық сында жарыс иесі, алғыр Золтан Левайдан (5:1) айла асырды.
Әділет Тюлюбаев 1995 жылы Омбы облысында дүниеге келген, Омбы күрес мектебінің түлегі. Өткен жылы 77 келі салмақта Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или