«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» 15-кезеңінде 11-болып мәреге жетті

Сенбі күні 169,3 шақырым қашықтықты құрайтын «Тур де Франс» веложарысының 15-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кезеңнің бірінші және екінші нәтижелерін UAE Team Emirates-XRG командасынан бельгиялық шабандоз Тим Велленс және Visma | Lease a Bike командасынан Виктор Кампенартс алды. Үшінші орын Tudor Pro командасының франциялық шабандозы Жюлиан Алафилиппге бұйырды.
«Астана» шабандоздар арасындағы жақсы нәтижені 11-болып келген Харольд Техада көрсетті.
«Тур де Франс». 15-кезең Мюре — Каркасон. 169.3 километр.
1. Тим Велленс (Бельгия, UAE Team Emirates-XRG) — 3:33:57
2. Виктор Кампенартс (Бельгия, Visma | Lease a Bike) — +1:06
3. Жюлиан Алафилипп (Франция, Tudor Pro) — +1:36
11. Харольд Техада (Колумбия, «Астана»)
59. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана») — +6:07
65. Серхио Игита (Колумбия, «Астана»)
109. Евгений Федоров (Казахстан, «Астана») — +22:42
112. Давиде Баллерини (Италия, «Астана»)
116. Симоне Веласко (Италия, «Астана»)
153. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана»)
Жалпы есеп:
1. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates-XRG) — 54:20:44
2. Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) — +4:13
3. Флориан Липовиц (Германия, Red Bull-BORA-hansgrohe) — +7:53
19. Серхио Игита (Колумбия, «Астана») — +51:55
35. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +1:28:08
49. Симоне Веласко (Италия, «Астана») — +1:49:19
90. Клеман Шампуссен (Франция, «Астана») — +2:28:34
91. Майк Тёниссен (Нидерланды, «Астана») — +2:30:12
159. Давиде Баллерини (Италия, «Астана») — +3:41:19
161. Евгений Федоров (Казахстан, «Астана») — +3:45:47.