Танымал инсайдер Усиктің келесі қарсыласын атады

Танымал инсайдер Усиктің келесі қарсыласын атады


Танымал ММА инсайдері Ариэль Хельвани украиналық Александр Усиктің келесі қарсыласы кім болатынын айтты, деп жазады Prosports.kz.

20 шілде күні Усик британдық Дэниел Дюбуаны бесінші раундта нокаутпен жеңіп, суперауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.

— Келесі қарсылас Джозеф Паркер болуы керек. Бұған ешқандай күмән жоқ! — деп жазды Хельвани әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Усик – XXI ғасырда суперауыр салмақта абсолютті чемпион атанған жалғыз боксшы. Оның кәсіби мансабында 24 жеңіс бар, соның 15-ін нокаутпен аяқтаған. Әлі жеңіліп көрмеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или