Ильяс Хамзин АҚШ-та қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өткен ATP 250 санатындағы турнирде топ жарды, деп жазады Prosports.kz.
Финалда Бублик аргентиналық Хуан Мануэль Черундолоны 6:4, 4:6, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылды. Бұл қос теннисшінің алғашқы бетпе-бет кездесуі болды.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры — 596 035 еуро. Александр Бублик жеңісі үшін 90 675 еуро табыс тауып, рейтингке 250 ұпай қосты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или