«Барыстың» бұрынғы бапкері «Сочи» клубын тізгіндеді

Қазақстан құрамасы мен «Барыстың» бұрынғы бас бапкері Владимир Крикунов ҚХЛ-де өнер көрсететін «Сочи» клубынан ұсыныс алып, келісімін бергенін мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.
- Маған «Сочидан» Игорь Григоренко хабарласып, бас бапкер болуды ұсынды. Мен келісімімді бердім. Қазір Латвиядамын, барған соң егжей-тегжейін талқылаймыз. Әзірге бір жылдық келісімшарт туралы сөйлестік, — дейді Крикунов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.
Бұған дейін «Сочи» командасының тізгінін Вячеслав Козлов ұстаған еді, ол маусым айында тағайындалып, жақында қызметінен кетті.
75 жастағы Крикунов 2023–2024 жылдары ВХЛ-де ойнайтын петерборлық «Динамоны» жаттықтырды. Бұған дейін ол Мәскеудің «Динамосын» Ресей чемпионы (2005) және Еуропа чемпиондары кубогының иегері (2006) атандырған. Сондай-ақ Словения (1995–1996) және Ресей (2004–2006) құрамаларын баптаған. 2012/13 маусымында Крикунов «Барысты» және Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или