Танымал блогер Александр Усикті сынның астына алды

Танымал блогер Александр Усикті сынның астына алды


Танымал блогер әрі боксшы KSI Оладжиде Олатунджи Александр Усиктің Дэниел Дюбуаға қарсы жеңісіне пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Өткен түнде Усик Дюбуаны бесінші раундта нокаутқа түсіріп, суперауыр салмақта абсолютті чемпион атағын қайта иеленді.

— Усикке енді зейнетке шығатын уақыт келген сияқты. Фьюриді екі рет ұтты, Джошуаны да екі рет жеңді, енді Дюбуаны да екі рет тоқтатты. Алғашқы ауыр салмақтан келіп, суперауыр салмақты түгел бағындырды. Бұл — ақылға сыймайтын дүние!

Оның әлі де көп нәрсеге шамасы жетеді, бірақ қазіргі таңда Усикке тең келер ешкім жоқ. Нағыз аңыз, — деді KSI стрим кезінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или