46 жастағы бокс аңызы Мэнни Пакьяо жекпе-жек өткізді

Аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо төрт жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде сегіз салмақ дәрежесі бойынша 46 жастағы бұрынғы әлем чемпионы WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы титул иегері Марио Барриоспен кездесті.
12 раундқа созылған жекпе-жек соңында бір төреші жеңісті Барриосқа берді - 115-113, ал қалған екеуі 114-114 деген тең есеп тіркеді. Ресми нәтижеге қарамастан, трибуналардағы жанкүйерлер үкімді құптамады. Жұртшылықтың едәуір бөлігі Пакьяоны жеңімпаз деп таныды.
Осылайша, Барриос (29-2-1) WBC чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или