Әйелдер күресі. Мажарстандағы турнирде Эльмира Сыздықова қола медаль алды

Әйелдер күресі. Мажарстандағы турнирде Эльмира Сыздықова қола медаль алды

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде әйелдер күресінен әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 келі) қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл — ел құрамасы қоржынына түскен төртінші медаль. Қазірге дейін әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс алса, Нилуфар Раимова (57 келі) мен еркін күрестен Асылжан Есенгелді (61 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Эльмира Сыздықова 1992 жылы дүниеге келген. 2016 жылы Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанды. Азия чемпионатында екі мәрте жеңіс тұғырынан көрінсе, екі мәрте күміс, төрт мәрте қола алды. Сондай-ақ 2018 жылы Азия ойындарында үздік үштікті түйіндеді.

Рейтингтік турнир бүгін мәресіне жетеді. Онда еркін, әйелдер және грек-рим күресінен жүлделер сарапқа салынып жатыр. 

Айта кетсек, аталған жарысқа 14 елден 99 спортшы жиналды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или