Теннис. Вашингтон турнирі: Рыбакина мен Путинцеваның қарсыластары кімдер

Вашингтон қаласында (АҚШ) 21-27 шілде аралығында хард төсенішінде өтетін WTA 500 турнирінің жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz сайты inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы Елена Рыбакина доданы екінші айналымнан бастайды.
Қазақстандық теннисші әлемнің 42-ракеткасы, ресейлік Анастасия Потапова немесе рейтингіде 86-орындағы канадалық Виктория Мбоконың қай жеңгенімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы, қазіргі кезде рейтингіде 49-сатыдағы жапониялық Наоми Осакамен шеберлік байқасады.
Ерлер арасында әлемнің 216-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бүгін Вашингтонда іріктеу сайысының финалында рейтингіде 324-орындағы италиялық Андреа Вавассорипен кортқа шығады. Бейбіт италиялық теннисшіні ұтса, негізгі жарыста бақ сынайды.