Иван Дычко америкалық боксшыны нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (14-0, 13 КО) бір жылдан кейін шаршы алаңға қайта шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Вашингтонда (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде америкалық Сэмюэл Кросспен (11-4-1, 7 КО) жұдырықтасты. Ауыр салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бірақ, Дычко бірінші раундта техникалық нокаутпен жекпе-жекті аяқтады.
Осылайша, Иван Дычко кәсіпқой мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізсе, Самуэль Кросс бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или