Данияр Елеусінов АҚШ-та филиппиндік боксшыны нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Елеусінов филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-5, 17 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын, бірақ барлық қашықтыққа созылмады: қазақстандық екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Данияр Елеусінов кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісіне қол жеткізсе, Джеймс Бэкон алтыншы рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Елеусінов үшін бұл оның АҚШ-тағы бес жылдағы алғашқы жекпе-жегі болды: Данияр АҚШ-та соңғы рет 2020 жылдың қарашасында жекпе-жек өткізіп, намибиялық Юлиус Индонгоны (24-10, 13 КО) нокаутқа түсірген болатын.
Қазақстандық боксшы Мексикада жекпе-жек өткізеді