«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» он төртінші кезеңінде 12-орын алды

«Астана» шабандозы «Тур де Франстың» он төртінші кезеңінде 12-орын алды

Бүгін «Тур де Франс» көпкүндік веложарысының он төртінші кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңнің жеңімпазы INEOS Grenadiers командасының мүшесі, нидерландтық Тимен Аренсман атанды. Екінші орынды UAE Team Emirates-XRG командасынан словениялық Тадей Погачар алса, үздік үштікті Visma | Lease a Bike сапынан даниялық Йонас Вингегор түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені колумбиялық Харольд Техада көрсетті. Ол мәре сызығын 12-болып кесті.

«Тур де Франс». 14-кезең. По — Люшон-СуперБаньер. 182.6 шақырым

1. Тимен Аренсман (Нидерланды, INEOS Grenadiers) — 4:53:35
2. Тадей Погачар (Словения, UAE Team Emirates-XRG) — +1:08
3. Йонас Вингегор (Дания, Visma | Lease a Bike) — +1:12

12. Харольд Техада (Колумбия, «Астана») — +3:45.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или