«Жайық» Орталық Азия чемпионатында қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті

«Жайық» Орталық Азия чемпионатында қатарынан үш кездесуде жеңіске жетті

Оралдың «Жайық» клубы Мальдив аралдарының астанасы Мале қаласында волейболдан өтіп жатқан Орталық Азия чемпиондар лигасында үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық маман Виктор Козиктің шәкірттері бұл жолы жергілікті «HDC» (Мальдив) клубымен шеберлік байқасты.

Қазақстан чемпионы матч тағдырын үш партияда шеше білді – 3:0. Осылайша, Орталық Азия чемпионатында жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандық клуб 21 шілде күні «Help SC» (Непал) командасымен кездеседі. Содан кейін «Бішкек» (Қырғызстан) клубымен ойнайды. 23 шілде күні қорытынды матчтар өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или