Файтер Диего Санчес оқ атқаны үшін қамауға алынды

Файтер Диего Санчес оқ атқаны үшін қамауға алынды


«The Ultimate Fighter» шоуының алғашқы жеңімпазы Диего Санчес АҚШ-тың Нью-Мексико штатында ұсталды. Ол жол апаты болған маңнан өтіп бара жатып тапаншамен оқ атты деген күдікке ілінді.

Бұл оқиға Альбукеркедегі I-40 тас жолында болған, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Сот құжаттарына сүйенсек, полицейлер жол-көлік оқиғасын тексеріп жатқан кезде, «Jeep Gladiator» көлігінің ішіндегі жолаушы — кейін Санчес екені анықталған — терезеден тапаншамен оқ атқан. Полиция көлікті бірден ізін суытпай тоқтатқан.

Санчес көлікте қару болғанын мойындағанымен, өзі оқ атпағанын айтқан. Алайда жүргізуші полицияға Диегоның оқ атқанын және сол сәтте күлгенін мәлімдеген. Көлікті тексеру кезінде жолаушы орнынан үш гильза мен жүргізуші орындығының артқы жағынан қару табылған.

Қазіргі таңда 43 жастағы спортшы қамауда отыр. Оған «көліктен оқ ату» және «қаруды немқұрайлы қолдану» бойынша екі бірдей айып тағылған. Айта кетейік, Санчес UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 2020 жылы өткізсе, ММА-дегі соңғы кездесуі 2022 жылы Кевин Лиге қарсы өткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или